Голландия Олимпиада тарихына енді
Голландиялық конькимен жүгірушілер Сочи Олимпиадасында 16 жүлде (5 «алтын», 5 «күміс», 6 «қола») жеңіп алды. Әсіресе, голландиялық конькимен жүгірушілер 1500 метрлік қашықтықтағы жарыста алдыға жан салмады.
Бұл қашықтықтағы бәсекеде жеңіс тұғырына тек Голландия спортшылары көтерілді. 1 минут 53,51 секунд көрсетіп, Олимпиада рекордын жаңартқан Тер Морс «алтын» алса, екінші және үшінші орынды Ирен Вюст пен Шарлотта ван Бек бөлісті. Оның үстіне тағы бір голландиялық спортшы Маррит Ленстра төртінші келді.
Бұл арқылы Голландия спортшылары жаңа рекорд орнатты. Бұл елдің өкілдері Олимпиада ойындарында спорттың бір түрінен 16 жүле жеңіп алды. Бұрынғы рекорд Австрия спортшыларына тиесілі. Олар 2006 жылғы Турин Олимпиадасында тау шаңғысынан 14 жүлде жеңіп алған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00