Командалық жарыста Қазақстан ерлер құрамасы 5-ші орын иеленді
Астанада дзюдодан Әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні командалық сайыстар өтті.
Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль үшін белдесулерде Моңғолия палуандарына есе жіберді. Құрама сапынан Ғабит Есімбетов, Жансай Смағұлов, Әзіз Қалқаманұлы мен Самат Есен ұтылса, тек Макси Раков атақты Тувшинбаяр Найданды ұтып, қана қоржынға бір ұпай сала алды. Осылайша моңғолдар 4:1 есебіен жеңіске жетті.
Командалық есепте Жапония құрамасы чемпион атанса, Оңтүстік Корея күміс медальді иеленді. Грузия және Моңғолия құрамалары қола жүлдеге қол жеткізді.
Қыздар арасындағы жарыста да жапониялықтарға тең келер ешкім болмады, екінші орынды Польша иеленді. Ресей және Германия үшінші орынды місе тұтты.
Фото: confederation.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45