Қазақстан жалпы есепте 25-ші орында
Бүгін қазақстандық спортшылардың ішінен жарыс жолына тау шаңғышылары шықты. Супер-комбинация сайысының екі кезеңі бойынша Игорь Закурдаев пен Мартин Хубер 26-шы және 33-ші орындарды иеленді.
15 шақырымға созылған шаңғы жарысын Алексей Полторанин 9-шы аяқтады. Николай Чеботько 33-ші, Евгений Величко 34-ші орыннан көрінді. Көк туды ұстап шыққан Ердос Ахмадиев 54-ші орында.
Фристайл-акробатика сайысында Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова қатысты. 18 жастағы Жанбота екінші финалға дейін жетіп, жалпы есепте 6-шы орынды иеленді. Ал Жібек Арапбаева финалға өте алмады.
15 шақырымға созылған биатлоншылар жарысында қазақстандық спортшылардың ішінен Дарья Усанова жоғары нәтиже көрсетті. Ол мәреге 40-шы келсе, Галина Вишневская - 41-ші орында. Елена Хрусталева - 46-шы, Алина Райкова 65-ші келді.
Шаңғымен тұғырдан секіру бәсекесінде Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев іріктеуден аса алмады. Олар 46-шы және 48-ші нәтижені көрсетті.
Бүгінгі жарыс күні қазақ елі үшін «қоламен» аяқталды. Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен қоржынымызға алғашқы жүлдені салды. Ал Абзал рақымғалиев 22-ші орыннан көрінді.
Жүлделер жиынтығы:
1. Германия - 7 алтын, 2 күміс, 1 қола.
2. Швейцария - 5 алтын, 1 күміс, 1 қола.
3. Канада – 4 алтын, 5 күміс, 2 қола.
25. Қазақстан - 1 қола.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00