15 шақырым қашықтықта Полтораниннің жүлде алу мүмкіндігі жоғары
Сочи Олимпиадасында 15 шақырымдық шаңғышылар жарысына Ресейлік Александа Легков пен Максим Вылегжанин және норвегиялық Петтер Нортуг қатыспайтын болды, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».
«15 шақырымдық жекелей сында Легков пен Вылегжаниннен басқа норвегиялық Нортуг те жарыс жолына шықпайтын болды. Енді басты үміткерлер - Колонья, Полторанин және Сундбю», - деп жазды «Спорт-Экспресс» сарапшысы Бутов өз твиттер парақшасында.
Осы орайда, қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің бүгінгі жарыста алдыңғы қатарда болуына зор мүмкіндік туып тұр.
Естеріңізге сала кетейік, жарыс бүгін, Астана уақытымен сағат 16:00-де «KAZsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00