Татамиге шыққан үш палуанымыз да жартылай финалға өтпей қалды
Бүгін спортшыларымыз арасында татамиге алғаш 78 келіден жоғары салмақтағы палуан қызымыз Гүлжан Исанова шығып, германиялық қарсыласы Франциска Кеницке «шидо»-мен ұтылып қалды.
Аса ауыр салмақта (+100 келі) сынға түскен палуанымыз Ержан Шынкеев алғашқы кездесуінде австриялық Даниэль Алерсторферден жеңілді.
Ал, 100 келі салмақта ел үмітін арқалаған Максим Раков алғашқы белдесуінде жаңазеландиялық Ясон Костерді ұтып, залдағы көрермендерді бір қуантып тастады. Бірақ, жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Максим Раков екінші айналымда француз дзюдошысы Сирилл Маретке есе жіберді.
Сөйтіп, бүгін татамиге шыққан үш палуанымыз да Әлем чемпионатының медалінен құр қалды.
Енді, ертең ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыстар өтеді. Жарыстың басталу уақыты таңғы сағат 10:00.
Еске сала кетейік, финалдық жарысты сағат 16:30-да «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45