«Астана Арландары» жекпе-жек алдында бір боксшысын алмастырды
Қазақстандық клуб кубалықтармен болатын жекпе-жек алдында өзінің жеңіл салмақтағы боксшысын алмастырды. Енді Азамат Исақұловтың орнына жаңадан келген Теміртас Жүсіпов шығады. Исақұлов шаршы алаңға 49-келі салмақта Йосбани Вейтиаға қарсы шығу керек еді. Алайда бапкерлер бұл жекпе-жекке «арландарға» жаңадан қосылған Теміртас Жүсіповты шығаруды жөн көріпті.
Теміртас Жүсіпов Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, 2013 жылдың шілдесінде Азия чемпионы атанған. Қазіргі уақытта еліміздің 49-келі салмақтағы чемпионы, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Оның қарсыласы болатын кубалық Йосбани Вейтиа Алматыда өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Онда ол жартылай финалда Біржан Жақыповқа ұтылған еді.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Куба домадорес» шаршы алаңға 22-ші ақпан күні таңда шығады. Кубалықтар «В» тобында 21 ұпаймен көш бастап тұрса, ал қазақстандықтар 19 ұпаймен екінші орында. Бұл жекпе-жектерді Астана уақытымен таңғы 07:30-да «KAZsport» арнасынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00