Ердос Ахмадиевтың алғашқы бәсекесі
Бүгін Сочи Олимпиадасында 15 шақырымдық шаңғышылар сайысына Ердос Ахмадиев қатысады. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында еліміздің көк Туын ұстап шыққан шаңғышы намысты қолдан бермеуге тырысады. Қазақстандық шаңғышы жарыс жолына 58-ші болып шығады.
Өз елінің Туын ұстап шығу – әр спортшының арманы. Сонымен қатар, бұл міндет жауапкершілік жүктейді. Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынайтын спортшы спорттық карьерасындағы ең үздік нәтижені көрсетуге ниетті.
«Елімнің үмітін ақтауға тырысамын. Үш жыл бойы атақты шаңғышы Владимир Сахнов жаттықтырды. Дайындық кезеңін жарақатсыз өткіздім. Жарыс қорытындысы бойынша ондыққа енуді қалаймын. Дегенмен, Олимпиадада осал спортшылар жоқ», - дейді Ердос Ахмадиев.
Классикалық стильдегі 15 шақырымдық жарысты «KAZsport» телеарнасы 15:40-та тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00