Олимпиаданың алғашқы күні спортшыларымыз сынға түседі
Бүгін Сочиде алғашқы жүлделер сарапқа салынады. Әйелдер арасындағы скиатлоннан ел намысын Татьяна Осипова, Анастасия Слонова және Елена Коломина қорғайды. Тікелей эфир «KAZsport» телеарнасында 15:50-де басталады.
Биатлоншылар да бәске түседі. 10 шақырымға созылатын спринтерлік жарыста Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик, Александр Трифонов және Диас Кенешев бағын сынайды. Тікелей эфир - 20:20.
Шаңғымен тұғырдан секіруден қазақстандық екі спортшы Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев сынға түседі. Олар К-95 биіктігін бағындырады. Бұл сайысты «KAZsport» телеарнасы 22:25-те тікелей эфирде ұсынады.
Әйелдер арасынан могулден жартылай және финалдық кезеңдер өтеді. Финал жолдамасына ие болған Юлия Галышева жүлдеге талас жүргізеді. Ал финалда Дарья Рыбалова шешуші кезеңге өтуге тырысады. Жартылай финал 21:55-те, ал финал 23:55-те басталады. Бұл бәсекені «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ конькимен жүгіруден 5000 метрлік қашықтықта үш дүркін Азия чемпионы Дмитрий Бабенко бақ сынайды. Трансляция уақыты – 01:35.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Батыр Теңізбай жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды
23.04.2026, 14:03
«Тобыл» футбол клубының бас бапкері ауысты
23.04.2026, 13:20
«Челси» клубының бас бапкері Лиам Росеньор қызметінен босатылды
23.04.2026, 10:00
Футболдан Әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалды
22.04.2026, 16:05
Душанбеде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
22.04.2026, 15:00
«Интер» финалға шықты
22.04.2026, 09:40
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтеді
21.04.2026, 16:00
Жәнібек Әлімханұлы WBO тарапынан берілген уақытша шеттету шешіміне қарсылық білдірді
21.04.2026, 14:10