Сочи Олимпиадасында Қазақстан Туын Ердос Ахмадиев ұстайды
>Сочи-2014 Қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев алып жүреді деп жоспарлануда. Қысқы спорт түрлерінің төрт жылдықтағы ең басты аламанында ол шаңғы жарысы бойынша бақ сынамақ. «Мен бул туралы бас бапкерден естідім. Мен үшін Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын көтеріп шығу бақыт. Бірнеше үміткер болған, дегенмен жетекшілік мені таңдады. Жауапкершілік арта түседі», - дейді Ердос Ахмадиев. Қазақстандық шаңғышы Олимпиадаға дайындық жүргізіп жатыр. Алдымен ел чемпионатына қатысады. Содан кейін 18 қаңтар Италияда өтетін Әлем кубогының кезеңінде бағын сынайды. Шаңғышы Сочиде өтетін Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енуді мақсат етіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00