Басты Жаңалықтар Дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық палуандардың белдесу кестесі

Дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық палуандардың белдесу кестесі

Дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық палуандардың белдесу кестесі
Назарларыңызға Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы атынан шығатын палуандардың белдесулер кестесін ұсынамыз: 24 тамыз - ерлер 60 келі (Елдос Сметов, Рустам Ыбраев) мен әйелдер 48 келі (Александра Подрядова мен Отгонцэцэг Галбадрах); 25 тамыз - ерлер 66 келі (Азамат Мұқанов, Елдос Жұмақанов) мен әйелдер 52 келі (Олеся Куценко мен Ленария Мингазова); 26 тамыз - ерлер 73 келі (Дастан Ыкыбаев) және әйелдер 57 келі ; 27 тамыз - ерлер 81 келі (Әзиз Қалқаманұлы), әйелдер 63 келі (Мариан Урдабаева); 28 тамыз - ерлер 90 келі (Ислам Бозбаев), әйелдер 70 келі (Ділбар Өміралиева, Жанар Қашқын), және 78 келі (Альбина Амангельдиева); 29 тамыз - ерлер 100 келіге дейін (Максим Раков) 100 келіден жоғары (Ержан Шынкеев), әйелдер 78 келіден жоғары Гүлжан Исанова); Ал, 30 тамыз күні ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыстар өтеді. Оның басталу уақыты сағат таңғы 10:00. Айта кетейік, дзюдодан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бөлісу