Сочидің дайындығына ХОК басшысының көңілі толады
Сочиде Олимпиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах хабарлады.
Ол спорттық нысандардың тексерістен өткенін, ал Олимпиадалық ауылдардың дайындығы жақсы екенін атап өтті. Спортшылардың дені жаттығуларға жаяу келеді. Себебі, Ванкувер, Турин және Солт-Лейк-Ситиге қарағанда, бұл жақтағы нысандардың арасы алшақ емес.
Ал антитеррорлық шараларға қатысты Бах Олимпиада ойындары кезіндегі қауіпсіздік 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиададағы теракттан бері аса маңызды екенін айтты. 2002 жылғы Олимпиада ойындары 11 қыркүйектегі теракт оқиғасынан соң бірнеше айдан кейін болғанын да еске алды ол.
ХОК басшысы Ресейдегі қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде екенін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Батыр Теңізбай жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды
23.04.2026, 14:03
«Тобыл» футбол клубының бас бапкері ауысты
23.04.2026, 13:20
«Челси» клубының бас бапкері Лиам Росеньор қызметінен босатылды
23.04.2026, 10:00
Футболдан Әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалды
22.04.2026, 16:05
Душанбеде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
22.04.2026, 15:00
«Интер» финалға шықты
22.04.2026, 09:40
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтеді
21.04.2026, 16:00
Жәнібек Әлімханұлы WBO тарапынан берілген уақытша шеттету шешіміне қарсылық білдірді
21.04.2026, 14:10