FIS президенті: Сочидің таңдалуынан Халықаралық Oлимпиада комитетінің абыройына нұқсан келді
Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) президенті Джанфранко Каспер Сочи Олимпиадасы қымбатқа түскенін айтады.
«Мұндай асыра сілтеушілік біздің спортты құртатыны сөзсіз. Олимпиада ойындарына деген шығын уақыт өткен сайын еселеніп жатыр. Мюнхеннің 2022 жылы өтетін Олимпиада ойындарынан бас тартуының басты себебі осы. Өйткені, халық мұндай ойындарға миллиардтар жұмсалып жатқанын көрді. Сочиді таңдағанда Халықаралық олимпиада комитетінің абыройына тағы да нұқсан келді. Стадиондардағы көрермендер саны шектелді, жергілікті тұрғындар спортқа мүлде қызықпайды»,-дейді Каспер.
Айта кету керек, мұның алдында Каспер Сочи Олимпиадасына бөлінген қаражаттың 13 миллиард еуросы қолды болғанын хабарлаған. Алайда, кейін ол бұл сөзінен «дұрыс аударылмаған», деп бас тартқан болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00