Сочи Олимпиадасына қатысатын ең тәжірибелі спортшылар
Төрт күннен кейін жалауын желбірететін Сочи Олимпиадасына әлемнің 90 елінен 2800 спортшы қатысады. Олардың ішінде бірнеше Олимпиадаға қатысып, жүлдеге іліккен дарабоздар бар. Олардың есімдері cпорт тарихында жазылатыны айқын.
Ресейлік Альберт Демченко шана спортынан 6 қысқы Олимпиадаға қатысқан. Оның ең үздік нәтижесі 2006 жылы Туринде тіркелді. Ол бұл додада күмістен алқа тақты.
Жапондық Нориаки Касаи де 6 Олимпиадада бағын сынаған. Шаңғымен тұғырдан секіруші 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасының күміс жүлдесін еншіледі.
Норвегиялық биатлоншы Уле-Эйнар Бьёрндален Олимпиада ойындары тарихында ең көп жүде жеңіп алған спортшы. Ол Олимпиаданың 6 алтын, 4 күміс және 1 қола жеңіп алған.
Германиялық конькимен жүгіруші Клаудия Пехштейн қатысқан 5 Олимпиаданың барлығынан жүлде алды. Қысқы Олимпиада бойынша Германияның ең атақты спортшының еншісінде 5 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде бар. Айта кетейік, Нагано-1998 Олимпиадасында неміс қызы 5000 метрлік қашықтықта алтын алды. Ал бұл сында қазақстандық Людмила Прокашева қола жүлдені жеңіп алған болатын.
Кореялық конькимен жүгіруші Гю Хек Лю спринтерлік көпсайыстан атақты спортшылардың бірі. Ол төрт рет Әлем чемпионы атанған. Алайда Олимпиада ойындарына бес рет қатысқанымен, спортшыға әзірге сәттілік жетіспей жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00