Қазақстанды Олимпиада картасына енгізген қыз
Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары алғаш рет қашан қатысып, тарихымыздың қашан басталғанына көңіл бөлсек. Тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы – тау шаңғысы спортының майталманы Александра Артеменко.
Ол 1956 жылы 26 қаңтардан 5 ақпанға дейін Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласында өткен VІІ Ақ Олимпиадада бақ сынаған. Кеңес Одағының 11 дүркін чемпионы болған қайсар қыздың Кортина Д'Ампеццода бағы жанбайды. Сол жылы VІІ қысқы Олимпиада ойындарына КСРО сапында Ресейден 50 спортшы, Қазақстан, Эстония және Грузиядан бір-бір спортшыдан барған болатын.
Александра Артёменко, сонау 1956 жылы жер шарындағы Олимпиада картасына кең-байтақ Қазақстан жерін енгізген – тұлға! Қайсар қыздың аты қазақ спортының тарихында алтын әріптермен жазылып қалған және біздің олимпиадалық ойындардағы бір-біріне ұласқан жаңа жеңістеріміздің шежіресінің басы болып қала бермек, деп жазады «Алаш айнасы».
Суретте: Александра Артеменко (сол жақта). 1955 жыл, Чехословакия.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00