Биатлоншылардың допинг қабылдағаны анықталды
Халықаралық биатлоншылар одағының хабарлауынша, допинг-сынамадан өтпеген үш спортшы Олимпиада ойындарынан шеттетілді. Екі ресейлік және бір литвалық биатлоншының допинг бақылаудан өте алмағанын неміс басылымдары жариялап отыр.
Допинг-сынама өткен жылдың желтоқсан айының соңғы аптасында алынған. Биатлоншылардың есімдері мен олар қабылдаған преператтардың аты жарияланған жоқ. Мамандар «Б» сынамасының қорытындысын күтіп отыр.
Халықаралық биатлоншылар одағы Халықаралық Олимпиада комитетін хабардар етті. Бүгін Ресей биатлоншылар одағы антидопингтік комитетте шұғыл отырыс өткізеді. Бұл жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізбек.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00