Сочи - 2014 жүлдегеріне қандай сыйақы беріледі?
Астанада қазақстандық делегацияның шеф-де-миссоны – Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында жүлде алған Қазақстан спортшыларына қанша сыйақы берілетіні жөнінде айтты.
Оның айтуынша, сыйақылардың көлемі 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бекітілген деңгейде, бюджет есебінен берілмек.
«Бірінші орын үшін - 250 мың АҚШ доллары, екінші орын үшін - 150 АҚШ доллары, 75 мың АҚШ доллары - үшінші орынға беріледі. Осылай алтыншы орынға дейін барады(30, 15, 5). Осындай көлемдегі сыйақыны спортшылардың бас бапкері де алады. Жалпы Олимпиадада алтыншы орынға дейінгі орындар жүлделі деп саналады», - дейді Елсияр Қанағатов.
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның 50 спортшысы жеңiп алды. Ел намысын қорғайтын спортшылар қысқы спорттың 10 түрiнен қатыспақ. Соның iшiнде шаңғы жарысы мен биатлонда он-оннан, мәнерлеп сырғанаудан - 2, фристайл могулдан - 5, фристайл акробатикадан - 4, шорт-тректен - 6, конькимен жүгiруден - 6, сноубордтан - 1, тау шаңғысынан - 4, шаңғымен секiруден - 1 және шана жарысынан 1 жолдама бар. Сонымен қатар олармен бiрге 40 адам жаттықтырушы және сервисмендер барады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Батыр Теңізбай жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды
23.04.2026, 14:03
«Тобыл» футбол клубының бас бапкері ауысты
23.04.2026, 13:20
«Челси» клубының бас бапкері Лиам Росеньор қызметінен босатылды
23.04.2026, 10:00
Футболдан Әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалды
22.04.2026, 16:05
Душанбеде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
22.04.2026, 15:00
«Интер» финалға шықты
22.04.2026, 09:40
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтеді
21.04.2026, 16:00
Жәнібек Әлімханұлы WBO тарапынан берілген уақытша шеттету шешіміне қарсылық білдірді
21.04.2026, 14:10