Сочи-2014 жеңімпаздарына метеориттен жасалған медаль беріледі
2014 жылдың 15 ақпанында Сочи Олимпиадасында алтын медаль алған спортшылар Шұбаркөл метеоритінің бөліктерінен тұратын естелік медаль табыс етіледі. Мұндай шешімді Челябі облысының мәдениет министрлігі қабылдаған.
Медальдар суретші Артем Жариковтың сызбасы бойынша Златоуст қаласындағы «Маок» шеберханасында әзірленеді. Мұнда 2013 жылдың 15 ақпанында Ресей жеріне құлаған метеориттің қалдықтары әкелінген.
Ғарыштың тасынан жасалатын медальдар метеориттің құлауына бір жыл толуына байланысты, жеңіске жеткен спортшыларға берілмек. Сонымен қатар, алтын мен күміс те пайдаланылады.
50 медальға тапсырыс берілген. Оның 10-ы Сочи Олимпиадасының алтын жүлде иегерлеріне табысталады. Қалғаны мұражайға жәдігер ретінде қойылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 15 ақпанында құлаған Шұбаркөл метеориті көптеген ғимаратты қиратқан еді. 1600-ден астам адам жараланды. Метеорит жарылысының қуаты 1945 жылы Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасымен тең болды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00