Басты Жаңалықтар Бүгін - ширек финал жекпе-жектері

Бүгін - ширек финал жекпе-жектері

Бүгін - ширек финал жекпе-жектері

Бүгін, 23 қазанда ширек финал жекпе-жектері өтеді. Қазақстандық 9 боксшы жартылай финал жолдамасы үшін таласады. Ширек финалда 30 елдің өкілдері шаршы алаңға шығады. Оның ішінде алаң иелерінің саны басым. Ал ширек Ресей мен Куба елдерінен ширек финалға 7 боксшыдан шықты.

Күндізгі көрсетелімде 49, 56, 64, 75 және 91 келідегі боксшылар шаршы алаңға көтеріледі.

49 келі. Біржан Жақыпов - Энтони Ривера Чакон (Пуэрто-Рико).

56 келі. Қайрат Ерәлиев қарсыласы - Робейси Карразана (Куба).

64 келі. Мерей Ақшалов - Ермек Сәкенов (Қырғызстан).

75 келі. Жәнібек Әлімханұлы - Журатони Богдан (Румыния).

Ал кешкі көрсетелімде 52, 60, 69, 81 және +91 келідегі бокшсылар қолғап түйістіреді.

52 келі. Ілияс Сүлейменов - Эндрю Селби (Уэльс).

60 келі. Берік Әбдірахманов - Луис Диес (Венесуэла).

69 келі. Данияр Елеусінов - Винченцо Манджакапре (Италия)

81 келі. Әділбек Ниязымбетов - Сумит Сангван (Үндістан).

+91 келі. Иван Дычко - Кумар Сатиш (Үндістан)

Ширек финал жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Күндізгі көрсетілім - 13:50-де, ал кешкі көрсетілім - 18:50-де басталады.

Сонымен қатар, жекпе-жектердің толық нұсқасын - kazsporttv.kz сайтынан көре аласыздар.

Бөлісу