Жәнібек қарсыласын нокдаунға жіберді (ВИДЕО)
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Күндізгі көрсетелімнің оныншы жұбында Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Хуан Меркадомен қолғап түйістірді. Қазақстан құрамасының ең жас боксшысы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, айқын жеңіске жетті. Жәнібек Әлімханұлы Меркадоны үшінші раундта нокдаунға жіберді. Тіпті, оған дәрігерлік көмек көрсетілді. Төрешілер жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген Жәнібек ширек финалған жолдама алды. Ол румын боксшысы Джуратони Богданмен жартылай финал жолдамасына таласады.
Біздің тілшілерге берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы жаттықтырушылар тапсырған тактиканы орындағанының арқасында жеңіске жеткенін айтты.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін 49 келіде Біржан Жақыпов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовты, 56 келіде Қайрат Ерәлиев қырғыз Омирбек Малабековті жеңіп ширек финалға өтті. Әлем чемпионаты жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы бүгін 18:50-де және 23:00-де көрсетеді. Қазақстан боксшыларының әлемдік додадағы барлық жекпе-жектерді kazsporttv.kz сайтынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы