Біржан Жақыпов ширек финалға шықты! (ВИДЕО)
Ол 1/8 финалында 2013 жылғы Дүниежүзілік Универсиада чемпионы - өзбекстандық Хасанбой Дусматовты жеңді.
Жекпе-жек үш раунд бойы аса тартысқа толы болды. Алғашқы раунд Біржанның сәл басымдығымен өтті. Үшінші раундтың басында қазақстандық боксшы қарсыласына бірнеше дәл соққы сілтеді. Тәжірибелі Біржан Жақыпов бапкердің нұсқауын толық орындап, жеңіске жетті. Алайда, Хасанбой Дусматов жеңілгенін мойындамады.
Біржан Жақыповтың ширек финалдағы қарсыласы – Пуэрто-Рико боксшысы Энтони Чакон Ривер. Ол бүгін үндістандық боксшы Нанао Точконы айқын басымдықпен жеңді. Ширек финал 23 қазанда өтеді.
Біржан Жақыпов алғашқы айналымда ресейлік Белик Галановты жеңген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСлаломда есу: Екатерина Таранцева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
01.10.2026, 11:00
Теннис: Юлия Путинцева Азиаданың қола жүлдегері атанды
01.10.2026, 09:20
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10