16 қазан. Алматы. Бокс. Әлем чемпионаты
49 келіде ел намысын қорғайтын Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды. Ол ресейлік - Белик Галанов. Орыс боксшысы украиналық Вадим Кудряковті еліне қайтарды. Айта кетейік, Кудряков - Украинаның жарыс жолынан шығып қалған үшінші боксшысы. Жақыпов-Галанов жекпе-жегі 19 қазанда күндізгі көрсетілімде өтеді.
69 келіде Ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусіновтің қарсыласы - Багам аралдарының боксшысы Карл Хилд. Ол іріктеу кезеңде Льюис Бенсоннен (Шотландия) басым түсті. Елеусінов-Хилд 20 қазанда күндізгі көрсетілімде жекпе-жекке шығады.
81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетов Вилле Хукканненмен (Финляндия) кездеседі. Ол Непал боксшысы Деепак Махаржаннан айласын асырды. Ниязымбетов-Хукканнен жекпе-жегі 20 қазанда күндізгі көрсетілімде.
Ертең іріктеу кезеңнің 56 және 75 келідегі жекпе-жектері өтеді. Бұл кезеңде Қайрат Ерәлиев (56 келі) пен Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) қарсыластары белгілі болады. Қайрат - Танжит Лалли (Канада) – Николаэ Андрейана (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Жәнібек Әлімханұлына Джонатан Хэнсон (Ямайка) – Солтон Мигитинов (Әзірбайжан) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.
Күндізгі көрсетілім - 13:50-де, ал кешкі көрсетілім - 19:00-де (Астана уақыты) басталады. Жекпе-жектің толық нұсқасын «KAZsport» тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, телеарна 12:20-да Әлем чемпионатындағы үздік жекпе-жектерге шолу жасайды. Сонымен қатар, твиттерде @KAZsport парақшасынан мәлімет алуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСлаломда есу: Екатерина Таранцева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
01.10.2026, 11:00
Теннис: Юлия Путинцева Азиаданың қола жүлдегері атанды
01.10.2026, 09:20
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10