WSB финалы. Мейірім Нұрсұлтанов кубалық Арлен Лопесті ұтып, есепті 3:1-ге жеткізді
Астанада WSB (Бүкіләлемдік бокс сериясы) 5-ші маусымының «Astana-Arlans» пен «Cuba Domadores» арасындағы финал өтуде. «Дәулет» спорт кешенінің шаршы алаңына төртінші болып 75 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі боксшылар шықты.
«Astana-Arlans» командасының мүшесі Мейірім Нұрсұлтанов кубалық Арлен Лопеспен жұдырықтасып, 3:0 (48:47, 48:47, 48:47,) есебімен ұтты. Осылайша «Astana-Arlans» командасы финалдық серияда есепті 3:1-ге жеткізіп, алға шықты.
Айта кетейік, алғашқы жұпта қазақстандық Теміртас Жүсіпов кубалық Йоанис Оскар Аргилагості 3:0 (50:45, 50:45, 50:45) есебімен ұтты. Екінші кездесуде Қайрат Ерәлиев кубалық 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамиреске есе жіберді. Ал, «Astana-Arlans» командасының капитаны Самат Бәшенов кубалық Ясниер Толедоны жеңді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
14.06.2026, 18:30
Футболдан Әлем чемпионаты: Ертеңгі эфир кестесі
13.06.2026, 18:00
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
13.06.2026, 06:00
Ресми: Жозе Моуринью «Реал Мадридке» оралды
12.06.2026, 15:00
Бернарду Силва «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
12.06.2026, 13:10
Қытайдағы Әлем кубогына қатысатын боксшылар тізімі белгілі болды
12.06.2026, 12:00
Футболдан Әлем чемпионаты АҚШ пен Парагвай ойнады
12.06.2026, 11:30
Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер
12.06.2026, 10:30