Футболдан Әлем чемпионаты: Ертеңгі эфир кестесі
Футболдан әлем чемпионаты аясында осы күндері бірнеше кездесу өтеді.
15 маусым күні таңғы 03:50-де Кот-д'Ивуар мен Эквадор құрамалары АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы «Филадельфия Стэдиум» стадионында кездеседі. Ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. 06:50-де Швеция мен Тунис құрамалары Мексиканың Гвадалупе қаласындағы «Монтеррей Стэдиум» стадионында ойнайды. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 20:50-де Испания мен Кабо-Верде кездесуі АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Атланта Стэдиум» стадионында өтеді. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 23:50-де Бельгия мен Египет құрамалары АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы «Сиэтл Стэдиум» стадионында ойнайды. Ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ, 16 маусым 02:50-де Сауд Арабиясы мен Уругвай құрамалары АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок Стэдиум» стадионында кездеседі. Ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы