Қазақстандық ауыр атлет Фаина Сиванбаева өмір бойына спорттан шеттетілді
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы IWF зертханалық допинг-бақылау сараптамаларының негізінде қазақстандық спортшы Фаина Сиванбаеваны өмір бойына барлық деңгейдегі спорттық шаралардан шеттетті.
Фаина Сиванбаева 2012 жылы допингпен ұсталып, спорттық шаралардан 2014 жылға дейін шеттетілген.
2015 жылы 7 қыркүйекте Таиландта өткен ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қорытындысы бойынша спортшыдан алынған допинг-бақылаудың «А» сынамасында тыйым салынған заттардың болғаны анықталды. Ішкі тергеу қорытындысы аталған препаратты әдейі қолданғанын көрсетті.
Сондай-ақ, Фаина Сиванбаеваға 2015 жылдың 5 қазанда өткен Қазақстан Спартакиядасында тыйым салынған препаратты қолданған деген айып тағылған болатын.
Осыдан кейін, Халықаралық тәртіптік кеңес спортшыны өмір бойына жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады.
«Ауыр атлетика федерациясы допингпен күресуде түрлі шаралар қабылдап жатыр. Фаина мұндай заңсыздыққа үшінші рет барып отыр. Сондықтан, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы осындай қатал шараны қолданып отыр», - деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45