Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Нижат Рахимов алтын медаль алды
Бұл ауыр атлетикадан АҚШ-та өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы «алтыны».
Қазақстан Ұлттық құрамасының 77 келідегі өкілі Нижат Рахимов жұлқа көтеруде өзіне берілген үш мүмкіндігін қатесіз орындады. Алғаш 155 келіні, екінші мүмкіндікте 160 келі зілтемірді оңай көтерді. Үшінші мүмкіндігінде 165 келіні еңсеріп, жұлқа көтеру бағдарламасында 4-орын алды.
Ал, серпе көтеруде 3 мүмкіндіктің екеуін ғана нәтижелі орындады. Бірінші мүмкіндікте 195 келіні көтерсе, екінші мүмкіндікте бірден 12 келі қосып, 207 келі зілтемірді бағындырды. Ал, үшінші мүмкіндігінде 211 келіні көтере алмады.
Нижат Рахимов қос сайыс нәтижесінде 372 (165+207) келіні еңсеріп, ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атанды. Екінші орынды 372 (171+201) келіні көтерген ҚХДР өкілі Ким Гван Сон иеленді. Қола медаль мысырлық Мохамед Ихабке - 363 (162+201) бұйырды.
Еске сала кетейік, осы салмақтың «В» тобында сынға түскен қазақстандық Айдар Казов 346 (152+194) келіні көтеріп, өз тобында үшінші, ал, жалпы есепте 9-орын алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45