Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Маргарита Елисеева алтыншы орын иеленді
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіпжатқан Әлем чемпионатының екінші күні аяқталды.
Жарыстың екінші күнінде әйелдер арасындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының 53 келідегі өкілі - Маргарита Елисеева сынға түсті.
Бұл салмақта Тайбэй спортшысы Су Чин Хсу чемпион атанса, күміс жүлдені қытайлық Сяотин Чен иеленді. Ал, филиппиндік Хидилин Диас қола жүлдегер атанды. Отандасымыз Маргарита Елисеева алтыншы орыннан көрінді.
Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Хьюстон (АҚШ).
Әйелдер. 53 келі.
1. Су Чин Хсу (Тайбэй) — 221 (96 + 125)
2. Сяотин Чен (Қытай) — 221 (101 + 120)
3. Хидилин Диас (Филиппин) — 213 (96 + 117)
6. Маргарита Елисеева (Қазақстан) — 202 (90 + 112).
Әлем чемпионатының бірінші күнінде жарысқа шыққан қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей (56 келі) жұлқа көтеруде 132 келіні бағындырып, кіші күміс медаль иеленді. Ал, серпе көтеру кезінде үш мүмкіндігінде де 150 келі салмақты еңсере алмай жарысты аяқтады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45