Зілтемірші Ермек Өміртай Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті. 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ермек Өміртай қоссайыс нәтижесі бойынша 364 (161 + 203) келі көтеріп, Азия чемпионы атанды.
Ал, екінші орынды 363 (161 + 202) келі көтерген қытайлық Сун Вей алса, үшінші орынға 359 (161 + 198) келіні еңсерген Оңтүстік Корея елінің өкілі Лим Юнг-чулу тұрақтады.
Сонымен қатар, осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Семен Линдер 166 келіні жұлқа көтеріп, «кіші алтын» ұтып алды. Ал, жалпы жарыста 4-ші орын иеленді.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін бұл Азия чемпионатындағы төртінші медаль. Осыған дейін Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева елімізге қола жүлде әкелсе, Айдар Қазов (77 келі) алтын медаль жеңіп алған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45