Қазақстандық Надежда Ногай ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Надежда Ногай Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Надежда 75 келіден астам салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (125+150) келі көтерген. Тайланд елінің спортшысы Дуанганксор Чаиди (259 келі) 2-ші орын иеленсе, тунистік Йосра Диб (251 келі) 3-ші орынға тұрақтаған.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Надежда Ногайдың екінші орын алған қарсыласынан 16 келіні артық көтергенін атап өтті. Бұл оның мүмкіндігінің шегі емес. Осылайша, ауыр атлеттер арасында болашағынан үлкен үміт күттіретін жастар өсіп келеді.
Фото: Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39
Полина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00