Қарағандыда Анатолий Храпатый атындағы ауыр атлетикадан республикалық турнир өтуде
26 мамыр күні Қарағандыда Анатолий Храпатый атындағы ауыр атлетикадан республикалық турнир басталды. Алғашқы күні жарысқа 48, 53 және 58 келі салмақ дәрежесіндегі қыздар шыққан.
53 келі салмақ дәрежесінде екі сайыстың нәтижесі бойынша 173 келі (75+98) көтерген Әсел Амангелді бірінші орында болса, 133 келі (58+75) көтерген Александра Лачкова екінші орында келеді. Ал, 98 келі (43+55) қорытынды салмақпен Наталья Корнилюк үшінші орынға орналасты.
58 келі салмақ дәрежесінде Маргарита Елисеева сөзсіз топ жарды. Ол көтерген салмақ - 197 келі (86+111). Екінші орында 153 келі (68+85) салмақты көтерген Ақмарал Үргешбаева және қола жүлдені 133 келі (59+74) көтерген Кристина Шкуренко иеленді. 48 келі салмақ дәрежесінде бір-ақ қана қатысушысы болған Галина Мамотова екі жаттығу бойынша 132 кг (59+73) көтерді.
Жарыс 28 мамырға дейін жалғасып, оған аты шыққан спортшылар да қатысады. Мысалы турнирде Жасұлан Қыдырбаев, Владимир Седов, Вячеслав Ершов, Ибрагим Берсанов, Рүстем Сыбай, Ербол Мейірманов, Арли Чонтей, Ермек Өміртай, Маргарита Елисеева, Карина Горичева, Анна Нұрмұхамбетова бақ сынайды.
Жаттықтырушылар кеңесі аталмыш жарыста 23-30 маусым аралығында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық команда құрамасын анықтайтын болады.
Айта кетейік, жарысты «KAZsport» телеарнасы көрсетуде.
Көрсетлім кестесі:
27 мамыр. 20:00. Анатолий Храпатый атындағы ауыр атлетикадан республикалық турнир. Ерлер (77, 85, 94 келі)
27 мамыр. 21:55. Анатолий Храпатый атындағы ауыр атлетикадан республикалық турнир. Әйелдер (63, 69, 75, +75 келі)
28 мамыр. 19:50. Анатолий Храпатый атындағы ауыр атлетикадан республикалық турнир. Ерлер (105, +105 келі)
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыСемсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39
Полина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00