Ауыр атлетика. Майя Манеза сынға түседі
Алматыдағы Балуан Шолақ сарайының негізгі аренасында күнделікті таңғы сағат 09:00-ден түнгі 23:00-ге дейін ресми жарыс өтуде. Сонымен қатар, жаттығу залында да тыным жоқ.
Жаттығу залында қазақстандық Майя Манеза да қарқынды дайындалуда. Оған жаттығу кезінде жолдасы Вячеслав Ершов көмектесуде. Еске сала кетейік, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың чемпионы жарыс жолына 14-қарашада шығады.
Алексей Нидің сөзі бойынша Майя үшін үздік 8 спортшының қатарында болу жақсы нәтиже. Ал, спортшының мақсаты – әлемнің үздік 6 зілтемірші қатарында болу.
«Бұл босанғаннан кейінгі шығайын деп тұрған алғашқы жарысым. Сондықтан, қазір, мен үшін ең маңыздысы – салмақ бағалау. Себебі, бұл жаңа салмақ дәрежесі, мен әлі толық дайын емеспін. Мақсат – құрама үшін іріктеу ұпайларын жинау», - деді Майя Манеза.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00