Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының 5-ші жарыс күні
12-қараша таңғы сағат 10:00-да 63 келі салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасында «C» тобында қазақстандық Гүлназ Наурызова жарыс алаңына шығады.
Сонымен қатар, 12:00-де аталған салмақ бойынша «В» тобында әлемнің мықты зілтемірші қыздары сынға түседі.
85 келі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы дода сағат 14:00-де «D» тобында, 16:00-да 85 келі салмақ бойынша «С» тобында басталады.
Кешкі 19:00-де 77 келі салмақ санатында «А» тобында қазақстандық Павлов Кирилл бағын сынайды.
21:00-де 85 келі салмақ дәрежесі бойынша «В» тобының спортшылары үздікті анықтайды.
Дүбірлі доданың төрт күні қазақстандық спортшылар үшін нәтижесіз болған жоқ.
Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло Әлем чемпионы аталып, өзінің серпе көтерудегі рекордын жаңартқан болатын. Ал, ерлер арасында бақ сынаған 18 жасар Альберт Линдер 10-шы орынға тұрақтады.
Кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей 6-шы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.
Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 72 елден 538 спортшы бақтарын сынауда. Оның 315-і ерлер болса, 223-і әйелдер. Әйелдер жеті салмақ дәрежесі бойынша (48, 53, 58, 63, 69, 75, +75 келі) сынға түссе, ерлер сегіз салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105) жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құрамда қатысып отыр.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00