Ауыр атлетикадан Қазақстанда өтетін Әлем чемпионаты алдында IWF сарапшылары Алматыға келді
Ауыр атлетикадан Қазақстанда өтетін Әлем чемпионаты алдында IWF (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) бас директоры Аттила Адамфи Қазақстанға келген болатын. Сарапшы жарыс өтетін, допинг-бақылау жүргізетін залдарды, жаттығу алаңдарын, баспасөз-орталығын және басқа да нысандарды аралап көрді.
Сонымен қатар, А. Адамфи ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековпен кездесті.
«ҚР Ауыр атлетика федерациясы Әлем чемпионатына байланысты жұмыстарды жауапкершілікпен орындап жатқанына көңілім толды. Сіздердің дайындықтарыңыз Қазақстанның осындай дәрежедегі жарыстырды өткізу деңгейін жаңа сатыға көтергенін көрсетеді», - деді А. Адамфи.
«Біздің елге Әлем чемпионатын өткізу жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осы уақытқа дейін ауқымды жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда Әлем чемпионатына қатысуға 57 елден 613 ауыр атлет өтініш білдірді. Олардың 257-і әйел, 356-ы ер. Қорытынды тізім 13 қазан күні аккредитация аяқталғанда белгілі болады», - деді Ж. Түсіпбеков.
Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. Турнирдің ерекшелігі – жарыста 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензиялар сарапқа салынады.
Фото: Аттила Адамфидің твиттердегі жеке парақшасынан алынды
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00