Ауыр атлетшілеріміз Нанкинге аттанып кетті
Кеше ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Нанкин қаласына аттанды, деп хабарлайды confederation.kz. Нанкинде 16-28 тамыз аралығында ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді.
Команда құрамы:
Жасұлан Қалиев (77 келі) – жастар арасында Қазақстан чемпионы.
Михаил Макеев (69 келі) – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты мен Қазақстан біріншілігінің жүлдегері.
Татьяна Капустина (+63 келі) – жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мен Қазақстан біріншілігінің жүлдегері.
Алтынай Дәмен (63 келі) – жастар арасында Қазақстан чемпионы, ІІІ Еуразия спорттық ойындарының жеңімпазы.
«Алғашында +85 келі салмақта Селімхан Әбубәкіров қатысады, деп шешкен болатынбыз. Алайда, ол жарақат алып, орнына Жасұлан Қалиев баратын болды. Қытайда бәсекелестік өте жоғары
болатыны рас. Бірақ, біздің спортшылар үздік үштікке енетін мүмкіндігі бар. Олардың әрқайсысы осы жарысқа ұзақ дайындалды және тек жеңіске жетуге ынталы», - дейді Олимпиадаға даярлау орталығының аға бапкері Бақыт Ахметов.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00