Олимпиада чемпиондары пәтерлерінен айырылып қалуы мүмкін
Ауыр атлетикадан Олимпиада және Әлем чемпиондары қазақстандық Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло «Алматы облысындағы пәтерлерімізден айырылып қалуымыз мүмкін», деп мәлімдеді Vesti.kz порталына берген сұхбатында.
«Талдықорғандағы пәтерлерді бізге сыйлағанына жақында тура бес жыл болады. 2009 жылы Әлем біріншілігін жеңіп келгенімізде берген. Алайда, осынша уақыт өтсе де мүлік әлі біздің атымызға аударылған жоқ. Жайлы екі бөлмелі пәтерлерді маған, Майяға, Зүлфияға және Владимир Седовқа сыйлаған болатын.
Мүлікті рәсімдеу мәселесі шешілмей, бізге тағы бір чемпионатты жеңіп келіңдер, сонда аударамыз деп уәде берген. Біз мұнан кейін тіпті, Олимпиаданы бағындырдық. Алайда, уәде айтылған жерінде қалды. Менің ойымша, егер біз спорттан кетсек, бұл пәтерлерді қайта тартып алады.
Бұл мәселемен Алматы облысының әкіміне екі рет кірдім. Ол мәселені шешетін сыңай танытқан. Алайда, іс әлі алға жылжыған жоқ. Қолымызда бары - тек жалға алу туралы келiсiм», - дейді Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00