Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады
Бүгін, 19 сәуірде Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық спортшы қатыспақ.
Чемпионаттың нәтижесінде биыл Әлем чемпионатына (4 - 16 қараша, Алматы) Қазақстан атынан қатысатын ауыр атлетика бойынша құрама командаларының құрамы бекітілетін болады. Бұл дода 23 сәуірге дейін жалғасады.
Осы жарыс аясында 24 сәуірде Ауыр атлетика федерациясының конференциясы мен Республикалық бапкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Республикалық бапкерлер кеңесінің шеңберінде Алматыда өтетін Әлем чемпионаты мен Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындаудың жоспары мен стратегиясы қарастырылады, сонымен қатар, 2014 жылғы бірінші тоқсандағы бапкерлер жұмыстарының жалпы қорытындысы беріледі.
«KAZsport» телеарнасы бүгінгі бәсекеден Астана уақыты бойынша 20.30 хабар таратады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:50
Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды
17.04.2026, 14:40
Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:30
Конференция лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 11:30
Еуропа лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 10:50
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдеге қол жеткізе алмады
16.04.2026, 15:00
Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
16.04.2026, 12:55
Альваро Арбелоа маусым соңында «Реалдан» кетеді
16.04.2026, 12:10