Басты Жаңалықтар Қазақстандық палуандар халықаралық «Мongolia Open» турниріне қатысады

Қазақстандық палуандар халықаралық «Мongolia Open» турниріне қатысады

Қазақстандық палуандар халықаралық «Мongolia Open» турниріне қатысады
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін күрестен халықаралық «Мongolia Open» турнирі өтеді. Халықаралық додаға Қазақстан, Моңғолия, Индонезия, Қырғыз Республикасы, Ресей және тағы басқа елдердің палуандары қатысады. Турнирге қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының палуандары: Расул Қалиев, Амандық Бакеев, Сәкен Айтжанов, Болат Сакаев, Мұхамбет Далабаев. Іріктеу бәсекелері Астана уақытымен таңғы 08:00-де басталады. 5 наурыз - 57, 65, 74, 97 кг. 6 наурыз - 61, 70, 86, 125 кг.
Бөлісу