Қазақстандық дзюдошылар арнайы Олимпиаданың еуропалық турнирінде 5 медаль иеленді
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дзюдодан арнайы Олимпиаданың ұйымдастыруымен ашық еуропа турнирі өтті.
Қазақстан намысын қорғаған 5 спортшының барлығы жүлделі болды. Атап айтсақ, Серік Ахмет жарыс чемпионы атанса, Абылайхан Қалиев пен Данияр Сейітов екінші орын иеленді. Сонымен қатар, Дана Саутова мен Әлішер Азнабақиев қола медаль жеңіп алды.
Сайысқа 11 мемлекеттен 90 дзюдошы қатысқан (Қазақстан, Өзбекстан, Эстония, Бельгия, Норвегия, Швеция, Польша, Венгрия,Нидерланды, Хорватия, Ресей).
Айта кетейік, Special Olympics ұйымы ақыл-есі кем адамдарға спорттық шаралар өткізумен айналысатын мекеме. Аталмыш ұйымның атынан қазақстандық топты бапкер Рүстем Қарымсағұлов пен аталмыш мекеме қызметкері Ильина Галина бастап барды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45