Павлодарда Ж.Кенжеғалиевті еске алуға арналған еркін күрестен ХІІІ республикалық турнир аяқталды
Павлодарда еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан чемпионы Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында ХІІІ республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Байрақты бәсекеде Ресей, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 330-ға тарта спортшы бақ сынасты. 1999-2001 жылғы жасөспірімдер он салмақ дәрежесі бойынша топқа түскен жас палуандарға павлодарлық және Ресей Федерациясы мен Алматыдан арнайы келген төрешілер төрелік етті.
Үш мемлекет арасында тоғыз алтын, екі күміс пен үш қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы үздік атанды. Ресейлік спортшылар бір алтын, бір күміс пен бір қола медальге қол жеткізсе, қырғызстандық палуандар турнирден бірде бір медель иелене алмады.
Еркін күрестен екі күнге созылған турнирде Павлодар облысының намысын қорғаған спортшылар екі алтын, бір күміс пен екі қола медальді қанжығаларына байлады. Жеңімпаздарға дипломдар мен чемпиондық белбеулер табысталды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45