Басты Жаңалықтар Дзюдодан Қазақстан жастары Азия біріншілігінде 6 алтын, 3 күміс, 11 қола медаль иеленді

Дзюдодан Қазақстан жастары Азия біріншілігінде 6 алтын, 3 күміс, 11 қола медаль иеленді

Дзюдодан Қазақстан жастары Азия біріншілігінде 6 алтын, 3 күміс, 11 қола медаль иеленді
Азия біріншілігінде алғашқы екі күн қатарынан кадеттер құрамасы бақ сынады. Олардың қоржындарында 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар. Осының арқасында еліміздің кадеттер құрамасы жалпы командалар арасында бірінші орын алды. Қорытынды: 1 орын : Ақмарал Науатбек (44 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Кәмилә Берліқаш (+ 70 келі), Архат Әнуарбек (50 келі, , Сұңғат Жұбатхан (60 келі, Жанқожа Марат (66 келі). 2 орын : Әдия Сайын (40 келі), Диас Әшімов (55 келі). 3 орын : Аида Карчаева (52 келі), Әйгерим Тасболат (57 келі), Мәди Амангелді (73 келі), Санжар Жабборов (+ 90 келі). Азия біріншілігінде келесі екі күнде жарыс жолына жастар құрамасы шықты. Олардың еншісінде жарыс қортыныдысы бойынша 1 күміс, 8 қола медаль бар. 2 орын : Мадияр Сембаев (73 келі). 3 орын : Гүлфайруз Наймантаева (44 келі), Кәмшәт Қарасайқызы (52 келі), Мөлдір Болатбекова (57 келі), Жанар Қашкын (70 келі), Перизат Қадырбекова (78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі), Қанат Сейілхан (55 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі).
Бөлісу