Қазақ күресінен Қызылорда облысының палуандары ҚР Кубогының жеңімпазы атанды
Атырауда қазақ күресінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогында Қызылорда облысының құрама командасы командалық есепте жеңімпаз атанды.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қызылордалық палуандар алғашқы белдесулерінде Павлодар және Атырау облысының спортшыларынан басым түссе, жартылай сында Қостанай спортшыларын және финалда Жамбыл облысының жігіттерін ұтып, өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.
Команданың алға шығуына Қармақшы ауданының спортшылары Бауыржан Райсов (55 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалым Әбдірахманов (74 келі), Мақсат Исақабылов (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі), Марат Баймаханов (+100 келі), байқоңырлық Дархан Сержанов (60 келі), жаңақорғандық Бағдәулет Төлегенов (82 келі), және жалағаштық Жайдарбай Есеновтер (82 келі) үлес қосты.
Екінші орынды — Жамбыл облысы, үшінші орынды — Атырау облысы және Астана қаласының командалары иеленді.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысуда.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45