Қазақстандық палуандар Париждегі Гран-Приде төрт жүлде иеленді
Қазақстандық грек-рим күресінің палуандары Парижде өткен Гран-Приде 4 жүлде, ал АҚШ-тың Колорадо қаласында аяқталған Дэйв Шульцті еске алу турнирінде 10 медаль иеленді, деп хабарлайды confederation.kz.
Париж бозкілемінде 71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асхат Жаңбыров финалда Швеция өкілі Закарьяс Талдотқа жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұл салмақта қола жүлдені тағы бір қазақстандық Ибрагим Магомадов жеңіп алды.
Ал, 59 келіде сайысқа түскен Мейірбек Дөненбеков финалда жарыс қожайыны Тарик Белмаданиден ұтылып қалып, күміспен шектелді. Ал, Нұрлан Әлжанов қола жүлде үшін таласта монаколық палуан Джонатан Тьям Лемнен басым түсті.
Сонымен қатар, грек-рим күресінен еліміздің тағы бір құрамасы АҚШ-тың Колорадо Спрингс қаласында өткен Дэйв Шульцті еске алу турнирінде 10 жүлде, яғни 4 алтын, 2 күмс және 4 қола иеленді.
Алтын жүлде иегерлері: Демеу Жадраев (66 келі), Досжан Қартықов (75 келі), Ерұлан Ысқақов (98 келі) және Нұрмахан Тінәлиев (120 келі).
Күміс жүлдеге қол жеткізгендер: Алмат Кебіспаев (66 келі), Мақсат Ережепов (75 келі).
Қола жүлде иелері: Мейрамбек Айнағұлов (59 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келі), Асхат Ділмұхамедов (80 келі) және Азамат Кұстыбаев (85 келі).
Фото: vk.com/kzwrestling
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00