Еркін күрес біріншілігінде әскери қызметшілер жеңімпаз атанды
Еркін күрестен Алматыда өткен ашық турнирге әлеуетті құрылымдардан, Республикалық спорт колледжінен және еліміздегі спорт ұйымдарынан 17 команда қатысып, бақтарын сынады.
ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының кубогы үшін болған сайыста спорттың бұл түрінен Қазақстанның ең үздік деген спортшылары күш сынасты.
Олардың қатарында 2014 жылы АҚШ-та өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Елдос Әбікенов бар.
Е. Әбікенов бұл жолы да әр түрлі салмақ категориясында белдескен әскери қызметшілер Абай Қарғабай, Азамат Шағабұлы, Амандық Бәкеев сынды жеңімпаздар тізімін бастады.
Еркін күрестен өткен ашық турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды қоржынын бірнеше алтын, күміс және қола медальдармен толтырған ҚР ҚМ Орталық армия спорт клубының әскери қызметшілері иеленді. Екінші орынға Алматы командасы көтерілді.
mod.gov.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстанның екі өкілі ширек финалға өтті
29.09.2026, 18:00
Кристина Овчинникова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
29.09.2026, 17:00
Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады
29.09.2026, 16:00
Аделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00