Басты Жаңалықтар Грек-рим күресінен Алматы облысының командасы жеңіске жетті

Грек-рим күресінен Алматы облысының командасы жеңіске жетті

Грек-рим күресінен Алматы облысының командасы жеңіске жетті
Астанада күрестің үш түрінен өтіп жатқан ҚР Кубогындағы грек-рим күресінен облыстық командалар арасындағы жарыста Алматы облысының палуандары жеңіске жетті. Бастапқы кезеңде турнир жеңімпаздары Атырау облысын 7:1, Солтүстік Қазақстан облысын 5:3, ал Ақмола облысын 6:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда Алматы облысының күрес шеберлері атақты палуан Георгий Цурцумия (2004 жылы Афинада өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері) жаттықтыратын елордалық команданы 5:3 есебімен жеңіп, финалға шыққан еді. Осылайша жарыстық алтын жүлделерін Алматы қаласы мен Алматы облысы сарапқа салды. Финал: Алматы қаласы – Алматы облысы 3:5 59 кг. Қорлан Жақанша - Абылай Кәріпжанов 0:8 66 кг. Бағлан Жақанша - Нұртай Нұрғалиев 0:8 71 кг. Марат Қожаппас - Демеу Жадыраев 2:10 75 кг. Дәулет Жақсылықов - Азамат Дүмбіров 9:8 80 кг. Даниял Гаджиев - Дидар Керімбаев 8:3 85 кг. Алхазур Оздиев - Саят Сарманбеков 10:0 98 кг. Жасұлан Садықов - Марғұлан Әсембеков 0:2 130 кг. Данияр Марвен - Нұрмахан Тінәлиев 0:8 Осылайша, грек-рим күресінен командалық жарыста ҚР Кубогын Алматы облысы жеңіп алса, Алматы қаласы күміс, ал қола жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысын жеңген Астана қаласының палуандары иеленді. Енді 31 қазан – 1 қараша аралығында ҚР Кубогы үшін еркін күрес шеберлері сынға түседі. Айта кетейік, бұл жарыстың іріктеу кезеңі мен финалын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді.
Бөлісу