Дзюдо. Максим Раков Гран-при кезеңінің алтын жүлдесін иеленді
Максим Раков Астанада өткен дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңінің жеңімпазы атанды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Максим Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері германиялық Дмитри Петерстен басым түсіп, алтын медаль иеленді. жерлесіміз финалға дейін жапониялық Рюко Огаваны, ресейлік Давид Битиевті, ал жартылай финалда мысырлық Рамадан Дарвишті жеңді.
Тағы бір палуанымыз Асет Ахметжанов (90 келі) финалда тәжікстандық Комроншох Устопиронға есе жіберіп, Гран-при кезеңінің күміс жүлдесін алды.
Әйелдер арасында Зарина Әбдірасұлова (+78 келі) қазақстандық Гүлжан Исанованы ұтып, «қола» иеленді. ал Альбина Амангельдиева «қола» үшін белдесуде украиналық Виктория Тюрксқа есе жіберді.
Осылайша Қазақстан құрамасының дзюдошылары 7 медаль иеленді. Елдос Сметов (60 келі) пен Максим Раков (100 келі) Гран-при кезеңінің алтын жүлдесін, Жансай Смағұлов (66 келі) пен Асет Ахметжанов (90 келі) «күміс», ал Асхат Тельманов (60 келі), Әзиз Қалқаманұлы (81 келі) және Зарина Әбдірасұлова (+78 келі) қола медаль жеңіп алды.
Еске сала кетейік, Астанада өткен дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңіне 38 елден (366 қатысушы: 205 ер және 161 әйел) спортшы келді. Олардың арасында Әлем, Азия және Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19