Жақсылық Үшкемпіров: «Жігіттердің көзінен от көрмедім»
Даңқты қазақ палуаны Жақсылық Үшкемпіров Ташкенттегі «классиктеріміздің» аяқ алысына өз бағасын берді:
- Жігіттердің ішінде ұнағаны Жадыраев қана. Әрбір белдесуіне Демеу жеңіске деген жігермен шықты, керемет әдістер қолданып, мінез көрсетті. Өкінішке қарай, ширек финалда өз мүмкіндігін толық көрсете алған жоқ.
Басқаларының көзінен от көрмедім. Мұндай маңызды турнирде кілемде бар білгеніңді ортаға салып, қалайда жеңіп шығуға тырысу керек еді. Менің барлық жанкүйер секілді Ташкенттегі нәтижеге көңілім толмайды.
Мұның себебі неде? Айту қиын. Өйткені, дайындық кезінде команда қасында болған жоқпын.
Біздің команда функционалдық және психологиялық тұрғыда дайын болған жоқ. Себебін бапкерлер айтсын. Палуандық дәстүрі бар біздің еліміз үшін бұл көрсеткіш жарамайды. Қазақстанда спортшыларға бар жағдай жасалуда. Болашақта мұндай қателіктер жібермеу үшін бізге бәрін ой елегінен өткізіп, шешім қабылдау керек.
confederation.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19