Екі дзюдошымыз үздік ондықта
Қазақстандық дзюдошы Максим Раков 100 келі салмақ бойынша әлем рейтингінде 6-шы орынға тұрақтады.
Раковтан бөлек, үздік ондыққа 60 келідегі Елдос Сметов енді. Елдос 9-шы орынға жайғасқан.
2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 66 келідегі Азамат Мұқанов 15-ші орында.
Сондай-ақ, бұл салмақтағы Елдос Жұмаханов 27-ші орында болса, Сергей Лим 32-ші орыннан көрінді.
Қыздар арасындағы рейтингте 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Исанованың әлемдік рейтингтегі орны – 13.
Жақында Моңғолияда аяқталған Гран-приден қола жүлдеге ие болған 63 келідегі Мариан Ордабаева 35-ші орынға тұрақтады.
48 келіге дейінгі салмақтағы Александра Подрядова 33-ші орында болса, 70 келіге дейінгі салмақтағы Альбина Амангелдиева 27-ші орында.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00