Ерұлан Ысқақов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері тағы бір «алтынға» қол жеткізді. Ерұлан Ысқақовтың бағы жанып, құрлық чемпионы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
98 келі салмақ дәрежесінде бозкілем көрігін қыздырған Ерұлан финалда жапон жігіті Акира Осаканы алып ұрды.
Ол алғашқы белдесуінде тәжік Хабиболло Абдуллаевты айқын басымдықпен жеңген болатын. Ширек финалда Қытай палуанын да жықты. Жартылай финалда Үндістан үмітін де сегіз бал айырмасымен ұтып, басымдық танытты.
Бұл – Таңат Сағындықов жаттықтыратын грек-рим күресі шеберлерінің екінші алтыны. Бұдан бұрын 85 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрсұлтан Тұрсынов құрлық чемпионы атанған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00