Гюзель Манюрова төрт дүркін Азия чемпионы атанды
Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен құрлық бәсекесі жалғасуда. Әйелдер күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гюзель Манюрова елордада өтіп жақтан чемпионатта жеңіске жетті.
75 келі салмақта қазақстандық палуан Гюзель Манюроваға тең келер ешкім болмады. Ол бірінші айналымда өзбек спортшысы Гульмира Исматованы айқын ұтса, жартылай финалда үнді палуаны Джойти Джойтиден басым түсті. Ал ақтық белдесуде қытай қызы Чжоу Фэнді ұтты.
Гюзель Манюрова осымен төрт дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Бұған дейін қазақстандық палуан 2010, 2011 және 2012 жылғы құрлық біріншілігінде топ жарды.
Әйелдер күресі бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 «алтын» және 2 «қола» жеңіп алды. Жарыстың алғашқы күні Татьяна Аманжол чемпион атанса, екінші күні Екатерина Ларионова, Айым Әбділдина және Эльмира Сыздықова ел қоржынына қола медаль салды.
Жалпыкомандалық есепте Жапония бірінші орынға шықты. Екінші орында – Қытай. Үшінші орында – Қазақстан. Чемпионат ертең аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:50
Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды
17.04.2026, 14:40
Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:30
Конференция лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 11:30
Еуропа лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 10:50
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдеге қол жеткізе алмады
16.04.2026, 15:00
Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
16.04.2026, 12:55
Альваро Арбелоа маусым соңында «Реалдан» кетеді
16.04.2026, 12:10