Алматыдағы Универсиадаға Канаданың 130-ға жуық өкілі келеді
Канадалық хоккейшілер Алматыда өтетін Универсиадада Қазақстан құрамасымен ойнағысы келеді. Бұл туралы Канаданың студенттік спорт федерациясының өкілі Лиа Таха Ченг almaty2017.com сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
Канада федерациясы өкілінің хабарлауынша, Алматыдағы жарысқа, бұл елден 130-150 адамнан тұратын делегация келмек.
«Өткен Қысқы Универсиадаларда жалпы медальдық көрсеткішпен көш бастамасақ та, Канада әрқашан ерлер және әйелдер хоккейінен, керлинг, шорт-тректен сәтті өнер көрсетіп келеді. Біз қазір Канада құрамасының сапында нақты қанша адам болатынын айта алмаймыз. Өйткені, спортшыларды іріктеу кейінірек басталады. Дегенмен, делегациямызда 130-150 шақты спортшы болады деп ойлаймын», – деді Лиа Таха Ченг.
Канаданың студент спортшылары 1981, 1991, 2007, 2011 және 2013 жылдары алтын медаль алған. Бұл жүлделер хоккейден Канаданың ерлер құрамасына тиесілі. Ал, әйелдер хоккейінен 2009, 2011 және 2013 жылдары алтын алған. Және 2015 жылы күміс еншілеген. Керлинг бойынша алты рет өткен жарыста әйелдер құрамасы төрт рет (1 «алтын» және 3 «күміс») және ерлер арасында екі рет (1 «алтын» және 1 «қола») медаль еншілеген. Шорт-тректен Канада елі 42 медаль (8 «алтын», 18 «күміс» және 16 «қола») ұтып алған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45