ҚР Олимпиадалық комитетінің логотипі өзгерді
Логотипті өзгерту жұмыстары ҚР ҰОК 25 жылдығымен қатар келді.
Осы шара аясында логотиптің графикалық тұрғыда, түсіне және шрифтіне қатысты өзгерістер енгізілді.
Логотип көк түсті шеңбер тәріздес. Онда Ұлттық Олимпиада комитетіне тиесілі екендігін білдіретін жазу жазылған.
«Жаңа логотиптің негізгі элементі - бүркіт. Оның Олимпиадалық сақиналармен бірге көкте самғауы - әлем спортында қазақстандықтардың қазіргі және болашақтағы жетістіктерін көрсетеді», делінген хабарламада.
Логотиптің астыңғы тұсында «қошқар мүйіз» оюы орналасқан. Ол тек декоративті безендірілу емес, ұрпақтар байланысы мен ұлттық сананы білдіреді.
ҚР ҰОК жаңа логотипі Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан құпталды.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45